100 литр керосинді ұрлаған әскери қызметші айыппұл төлейтін болды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
Карағанды гарнизонының әскери соты ҚР ҚК 187 бабы 1 бөлімі бойынша айыпталған кіші сержантқа қатысты сот үкімін көшпелі сот отырысында жариялады.
Іс материалдарына сәйкес әскери қызметші өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, қызметтік ПАЗ автобусымен әскери бөлімінің паркіне кіріп, цистернадан 100 литр авиациялық керосинді құйып алған. Содан кейін ол бөлім аумағының шыға берісінде бақылау-өткізу пунктінде ұсталған. Ұрланған керосин оның автобусынан табылды.
Сот үкімімен кіші сержант ҚР ҚК 187 бабы 1 бөлімі бойынша кінәлі деп танылып, оған 30 айлық есептік көрсеткіш немесе 68 070 теңге мөлшерінде айыппұл салынған.
Үкім шағымдалмаған және заңды күшіне енді.