Жалпы 60 теңге сомасына 266, 5 тонна ауыл шаруашылығы өнімдері жеткізілмек. Оның ішінде: күріш – 60 т, ет өнімдері – 4,5 т, сүт өнімдері – 3,5 т, жеміс пен көкөніс – шамамен 139 т, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы.
30-ға жуық кәсіпорын азық-түлік өнімдерін ұсынады.
Сонымен қатар облыстардан келетін шығармашылық ұжымдар келушілер назарына концерттік бағдарлама ұсынады.
Келесі демалыста Атырау, Павлодар, Жамбыл және Батыс Қазақстан облыстарының жәрмеңкесі өтеді.