Рыпакова төртінші мүмкіндігінде үздік нәтиже көрсетті — 14,29 метр. Бірінші орынды колумбиялық Катрин Ибаргуэн 14,51 метр көрсеткішімен алды. Екінші орын ямайкалық Кимберли Уильямсқа (14,44) бұйырды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Лиганың жалпы есебінде де Рыпакова 20 ұпаймен үшінші орын алып тұр. Ал Ибаргуэн (31) көш бастап тұр, оның соңында Уильямс (24) келе жатыр.
Еске салайық, Рыпакова Лондонда өткен жеңіл атлетикадан әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алған болатын. Қазақстандық маусымдағы жеке үздік нәтижесін көрсеткен еді — 14,77 метр.