Бразилияда есірткі тасымалдады деп айыпталған қарағандылық қыз ақталып шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бразилияда есірткі тасымалдады деп айыпталған қарағандылық қыз ақталып шықты

Бразилияда есірткі тасымалдады деп айыпталған қарағандылық қыз ақталып шықты

Жас қарағандылық қыз Сан-Паулуде екі келі кокаинмен ұсталы. Оның сөзіне қарағанда, ол біреудің өтінішімен гауһар тас алып келе жатырмын деп ойлаған.

  • 23 Тамыз 2017
  • 271
Фото - Caravan.kz

Қазақстандық дипломаттар есірткі тасымалдауда айыпталған 21 жасар қазақстандық қызды ақтап шықты, деп жазған өзінің Facebook желісіндегі парақшасында ҚР СІМ баспасөз қызметінің басшысы Әнуар Жайнақов, деп хабарлайды Sputnik-Қазақстан.

Жайнақовтың сөзіне қарағанда бұл оқиға 2017 жылдың 6 ақпанында басталған. 

Сол күні Сан-Паулу қаласының полиция қызметкерлері Қазақстанның Бразилиядағы елшілігіне есірткі контрабандасы бойынша 1996 жылы туған қазақстандық, Қарағанды қаласының тұрғыны Славяна Миневскаяның ұсталғаны туралы хабар берген.

8 ақпанда Қазақстан Елшілігі консул мен ұсталған бойжеткеннің кездесу мүмкіндігіне қол жеткізді. Жүздесуде бойжеткен туған-туыстарының телефон нөмірін беріп, қалайша осы жағдайға тап болып қалғанын түсіндіріп берген. 

Ең алдымен қазақстандық дипломаттар қздың туған-туыстарына қызыдың ұсталғаны турады баяндап, содан кейін отандасымызға құқықтық көмек көрсету жолдарын қарастырған.

Сол күні алдын ала тыңдау болды. Қалалық сот қазақстандықты сот басталғанға дейін Сан-Паулудағы түзету мекемесінде ұстау туралы шешім шығарған. Дипломаттар анықтағандай, Қарағанды қаласының тұрғыны Славянаның сеніміне кіріп, 4 мың АҚШ долларға Бразилияға гауһар бұйымдарды жеткізіп беруді сұраған. 

Бұған келіскен бойжеткен Сан-Паулуға ұшып келеді. Бойжеткенді белгісіз үйге қамап ұстап, еркін жүріп-тұруын шектеген. Арада екі апта өткеннен кейін бір сағат бұрын ғана оған чемодан ұстатып, Ереванға ұшу керектігін бұйырған.

Әуежайға кіре берісте оны полиция қызметкерлері ұстап, чемоданның ішіндегі жасырылған есірткі затын анықтады. 


Жас қыздың қылмыстық жоспардың құрбаны болғанын болжаған ҚР СІМ Қазақстанға сұрау жолдап, "тапсырыс берушіні" тексеруді өтінген. 

Құқық қорғаушылар жедел әрекет жасап, қарағандылықтың ізіне түскен. Сөйтсе, бірнеше күн бұрын ғана тапсырыс берген 25 жастағы бойжеткен осы қылмысқа ұқсас баппен 6 жыл 8 айға сотталып кетіпті. Қазақстандық дипломаттар қылмыстық істің материалдарын португал тіліне аударып, Бразилиядағы тергеу органдарына тапсырған. 

Жетінші тамызда Славянаның соты болып, оның 15 жылға дейін сотталып кету қауіп туындаған еді.

Қазақстандық тараптан келген қылмыстық іс материалдарын зерттей келе, бразилиялық сот қазақстандық бойжеткенді босату туралы шешім шығарды. Ұсталған кезінен бастап қазақстандық консул Славянаға бірнеше рет барып, жалпы жағдайын бақылауда ұстады. Қазір ол Сан-Паулуда. Жуық арада Қазақстанға қайтып келеді. 

"Өкінішке қарай, Славяна Бразилияда ұсталған жалғыз қазақстандық емес. Бұған дейін дәл осыған ұқсас қылмыспен Сан-Паулу әуежайында 20 жастағы Қарағанды қаласының тұрғыны ұсталып, 30 мамырдағы Бразилия сотының үкімімен 7 жылға сотталып кеткен", — деп атап өтті Жайнақов.

 Қазіргі таңда Қазақстанның сыртқы істер министрлігі бұл істі қайта қаратуға күш салып жатыр. Апелляциялық соттың отырысы болады деп күтіледі, ісі қарау күні әзірге белгіленген жоқ.