Ашғабадта Азиада қарсаңында ішімдікке тыйым салынды - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
0 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ашғабадта Азиада қарсаңында ішімдікке тыйым салынды

Ашғабадта Азиада қарсаңында ішімдікке тыйым салынды

Түркіменстан билігі Азия ойындары қарсаңында Ашхабадта спирттік ішімдіктерге тыйым салды. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, астанада сауда дүкендерінде алкогольді өнімдер толығымен "жоғалып кеткен". Шарап сататын дүкендер де уақытша қызметін тоқтатқан.

  • 23 Тамыз 2017
  • 229
Фото - Caravan.kz

Associated Press агенттігінің хабарлауынша, биліктің ауызша бұйрығы бойынша алкогольді өнімдерді сатуға қазан айына дейін тыйым салsyған.

France Press агенттігі сауда министрлігінің қызметкеріне сілтеме жасап, спирттік ішімдіктерге 17-27 қыркүйек аралығында өтетін Азия ойындарына байланысты тыйым салыysп отырғанын хабарлайды.

Сауда министрлігінің қызметкері бұл шектеу қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында жасалынып отырғанын айтқан.


15 тамызда Түркіменстан үкіметі әскери және құқық қорғау органдарының қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс істейтінін мәлімдеген. Азия ойындары аяқталғанша, виза беру де шектелген.