Баян Есентаеваның тағы да бір рет масқарасы шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Баян Есентаеваның тағы да бір рет масқарасы шықты

Баян Есентаеваның тағы да бір рет масқарасы шықты

Жазасын өтеп жатқан Бақытбек Есентаевтың қарындасы Нағима Instagram желісінде ағынан жарылды.

  • 28 Тамыз 2017
  • 21664
Фото - Caravan.kz

Өзінің парақшасында Нағима Есентаева түрмедегі ағасының қазіргі жағдайы менен Баянның күйеуіне деген өтірік махаббаты жайлы оқырмандарымен сөз қозғады.

Нағима ЕсентаеваНағима Есентаева. Фото — Instagram парақшасы

«Нағима ханым, амансыз ба! Ағаңыздың қалі қалай? Амнистияға ілінбеді ме?», — деген оқырманның сұрағына Нағима Есентаева «Жоқ, ешқандай жеңілдікке ілінген жоқ. Сондай статья қойдырып тастаған. 9 жыл жазасын түгел өтейді», — деп жауап беріпті.

«Баян — нағыз сайқал.Бәрі өтірік. Мен оның соншалықты таяқ жегеніне сенбеймін де. Бәрін сатып алған. Ойлаған, өтірік бейшара боламын деп. Оған пиар болса болды. Пиар қуып-жүріп, маскасын шешті», — деген келесі комментарийге Нағима:


«Қайдан білейік, «сенен басқа ешкімді сүйіп көргем жоқ» деп, мысық құсап жабысып отыратын. Қайдан білейік, ішіндегі арамдығын»

,- деп жауап берді.

Сонымен қатар ол Бақытбектің қыздары туралы ойын айтыпты. Нағима Есентаеваның айтуынша, Бақытбек қыздарымен араласып тұрады.

«Қандай жағдай болса да, қыздарынан теріс айналмайды ағам. Өйткені ол өте балажан» дейді парақша иесі.

Біз өз кезегімізде, жаңалықтың ары қарай қалай өрбитіні жайлы Сізді хабардар етіп тұрамыз.