"Жетісу" кеден бекеті Алматы қаласы Халықаралық әуежайында орналасқан. Ол бекетте кедендік рәсімдеу және әуе көлігімен тасымалданатын жолаушыларды, жүктерді бақылау жүзеге асырылады.
Алматы қаласы Мемлекеттік кіріс департаментінің хабарлауынша, Түрксіб ауданындағы "Жетісу" кеден бекетінің қызметкері пара алғаны үшін ұсталды. Азаматтың арызы түскеннен кейін, кеден қызметкерін 24 тамызда ұстаған. Оған қарсы ҚР ҚК 366-бабының 2-бөлімі (пара алу) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алынған пара көлемі айтылмайды.
"Жетісу" кеден бекеті Алматы қаласы Халықаралық әуежайында орналасқан. Ол бекетте кедендік рәсімдеу және әуе көлігімен тасымалданатын жолаушыларды, жүктерді бақылау жүзеге асырылады.