Соңғы бір жылда Қазақстан халқының саны 235 мың адамға артқан - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Соңғы бір жылда Қазақстан халқының саны 235 мың адамға артқан

Соңғы бір жылда Қазақстан халқының саны 235 мың адамға артқан

Қазақстан халқының саны 18 миллион 54 мың адамнан асты. Бұл биыл 1 тамыздағы көрсеткіш деп хабарлайды ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі.

  • 19 Қыркүйек 2017
  • 550
Фото - Caravan.kz

«Оның ішінде қалалықтар — 10 351,7 мың (57,3%), ауыл тұрғындары- 7 702,3 мың адамды (42,7%) құрады. 2016 жылғы 1 тамызбен салыстырғанда халық саны 235,4 мың адамға немесе 1,32% өскен», — делінген аталған хабарламада.

АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілері жазбаларындағы мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2017 жылғы қаңтар-шілдеде 222,8 мың сәби дүниеге келген. Бұл 2016 жылғы қаңтар-шілдеге қарағанда 6,5% аз. Туудың жалпы коэффициенті 1 000 адамға шаққанда 21,27. 2017 жылғы қаңтар-шілдеде республика халқының табиғи өсімі 2016 жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда 15,3 мың адамға немесе 9,5% кеміп, 145,5 мың адамды құрады. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 13,89 адамды құрады.

Аталмыш кезеңде саны 77,3 мың адам қайтыс болған, бұл 2016 жылғы қаңтар-шілдеге қарағанда 0,4% аз. Көші-қон қызметі органдары ұсынған мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2017 жылғы қаңтар-шілдеде елімізге тұрғылықты тұруға келгендердің тіркелу саны 2016 жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда 39,1% көбейіп, 9 711 адамды құрады. Елімізден кеткен көшіп-қонушылардың тіркелу саны 2,3% көбейіп, 19 407 адамды құрады, көші-қонның айырымы — 9 696 адам болды.


Перейти к новостям спорта