Caravan.kz медиа-порталының тілшісі боди-массажбен айналысатын бикештердің анкеталарын әлеуметтік желіден іздеп көрді.
Бұл салада «Іздегенге – сұраған» болып табыла кететіндер көп екен. Әрине, сұраныс бар. Әйтпесе, мұндай жарнама ғаламторда бұлайша өріп жүрмес еді.
Алғашқы болып табыла кеткендердің бірі – Мадина Сайфудинова есімді қолданушы. Анкетасына қарасақ, 27 жаста. Мамандығы – экономист. Бірақ айналысатын ісі мүлдем басқа.
Мадинаның жеке парақшасында тек боди-массаждың жарнамасы, сосын төмендегідей тым ашық фотосуреттер қойылған.
Тіпті бейнеролик (әлде слайд-шоу) салып қойған.
Posted by Мадина Сайфудинова on Wednesday, September 27, 2017
Мынау басқа қыз. Бірақ массажының бағасы сұмдық екен.
"Нұрсаяға" шақырып жатыр…
Мына қыздарға массажға кімдер барып жүр екен?
Боди-массаждағылар жарнамаға әдемі әрі жартылай жалаңаш бикештердің фотоларын пайдаланады.
Тіпті оларда мынадай да сурет бар.
Айтқандай, жоғарыдағылардың ешқайсысы интим-қызмет ұсына алмайтындары туралы жазбаған. Ал мына анкетаны салғандар сол жағына назар аударған сияқты.
Ең сыпайы дегендері мынадай суретпен шектеліпті.
Әлеуметтік желіде боди-массаж ұсынатындарды тіз берсек, талай уақыт отыратын түріміз бар. Сондықтан осылармен шектелгенді жөн көрдік.
Айта кетейік, ғаламтордағы мәліметке сүйенсек, боди-массаж – уқалаудың қолмен ғана емес, жалаңаш денемен де жасалатын түрі.