"Жеңілтек қызға ұқсайтын оңбаған еркек" - Айдарқұлов сын астында қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 442.05
  • 474.14
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
30 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Жеңілтек қызға ұқсайтын оңбаған еркек" - Айдарқұлов сын астында қалды

"Жеңілтек қызға ұқсайтын оңбаған еркек" - Айдарқұлов сын астында қалды

Некеміз қиылды деп жар салып, артынша ұлды болып, көп ұзамай айырылысып тынған Дәурен Айдарқұлов пен Ақбота Сейітмағамбеттің хикаясы жұртты дүр сілкіндірді.

  • 28 Қыркүйек 2017
  • 2295
Фото - Caravan.kz

Көпшілік әлі күнге дейін Дәуренге балағат және қарғыс сөздерін жаудыруда. Ақботаны да аяп жатқан жандар аз. Елдің басым бөлігі «сау басына сақина тілеп алған өзі» деген пікірде.

Бұл ретте Астана арнасының «Ел аузында» бағдарламасына сұхбат берген әріптестері Дәурен мен Ақбота, одан қалса Айқын мен Жұлдыз хикаясына қатысты өз ойларын айтты.

«Біреудің үйленіп, ажырасқаны адамның жеке өмірі. Оған да себептер болған шығар. Адамдар әр уақытта үйленіп, ажырасып жатады. Ол тек қана шоу-бизнесте болатын нәрсе емес қой. Сондықтан біреуді сынау дұрыс емес деп ойлаймын», – дейді RinGo тобының әншісі Данияр Өтеген.

Данияр ӨтегенДанияр Өтеген

Жұлдызды жұп Жанболат пен Жазира да осындай пікірде.

«Бірақ біреуді: «Ол сүйтті, оңбаған, қалайша олай жасады?» деп айта алмаймыз. Өйткені ұрпағымыздың басында не күтіп тұрғанын білмейміз ғой. Кез келген адам шатасып кетуі мүмкін. Шатаспас үшін үлкен ағайлар мен апайлар ақыл айтуы керек шығар», – дейді Жазира Байырбекова.

Жанболат пен ЖазираЖанболат пен Жазира

«Махаббатқа қарсы тұра алмайсың ғой шын мәнінде. Енді әркімнің өміріне араласуға біздің қақымыз жоқ. Қазір неше түрлі жағдай болып жатыр жан-жағымызда. Бұрын ондай әңгімелер болған жоқ. Заң басқа болды ма, заман басқа болды ма, бірақ енді біреудің отбасына, махаббатына араласа алмаймыз», – дейді Жазираның жары Жанболат Ербатыров.

Онымен қоса Instagram желісінде Дәурен Айдарқұловтың оқырмандары да белсенді түрде өз ойларын білдіруде.

"Осындай еркектерге қаным қайнайды, жаман әйелдер ұқсап бірде ана әйелмен, ол қуып жіберсе, басқамен жүре бастайды", — дейді біріншісі.

Дәурен Айдарқұловтың Instagram парақшасыДәурен Айдарқұловтың Instagram парақшасы

"Сендей жігіттердің арқасында қатігездік өрістейді. Балаларға енді бірдей қамқор бола алмасаң, әке махаббаты жетпеген балаң да қатыгез болмайтынына кім кепіл береді" , — деп риторикалық сұрақ қояды екінші бір оқырман.

Соңғы жаңалықтар