Солтүстік-батыс аймақтың көп бөлігінде жаңбыр жауады. Тек, Қазақстанның шығыс және оңтүстік-шығыс бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы болады. Кей жерлерде желл күшейіп, тұман түседі.
Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түседі. Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с жетеді. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел күші 15-20 м/с, ал Жамбыл облысында 25 м/с дейін жетеді. Алматы облысының кей жерлерінде түнде тұман түседі. Алматы, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде түнде 5 градусқа дейін үсік болады.