Қазақстанда 21,4 млн тонна астық бастырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 487.24
  • 529.34
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда 21,4 млн тонна астық бастырылды

Қазақстанда 21,4 млн тонна астық бастырылды

2017 жылдың 2 қазанындағы жағдай бойынша Қазақстанда 21 406,2 мың тонна астық бастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 2 Қазан 2017
  • 185
Фото - Caravan.kz

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармаларының мәліметтеріне сүйенсек, есептік мерзімге дейін ауыл шаруашылығын өндірушілер 15 185,7 мың га алқапты жинады. Бұл өңірлердегі жинау алқаптарының 99,3%-ын құрайды.

Орташа өнімділік 14,1 ц/га-ны құрайды. 2016 жылдың осы кезеңінде Қазақстанда 13 970,8 мың гектар алқап жиналып, бұл облыстардың жинау алқаптарының 91,5%-ын құрады, 20811,1 мың тонна астық жиналды. Орташа өнімділік 14,9 ц/га-ны құраған.

Ал, 2017 жылы жинау алқаптары 15 293,3 мың га жерді құраса, 2016 жылы — 15275,1 мың га болған.