Головкиннің промоутері отандасымыздың "Канеломен" екінші рет қай жерде кездесуі мүмкін екенін айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Головкиннің промоутері отандасымыздың "Канеломен" екінші рет қай жерде кездесуі мүмкін екенін айтты

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің (37-0-1, 33 КО) промоутері Том Леффлер отандасымыздың мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (49-1-2, 34 КО) екінші кездесуі қай жерде өтетінін айтты.

Леффлердің айтуынша, ол екінші кездесудің Лас-Вегаста емес, AT&T Stadium (100 мың жанкүйерге арналған Dallas Cowboys футбол клубының стадионы) стадионында өткенін қалайды.

"Менің ойымша, екінші жекпе-жектің Cowboys Stadium стадионында өткені дұрыс. Бұл стадионға 100 мың жанкүйер сыйады. Бірақ жекпе-жек бұл стадионда өтсе, Лас-Вегаста табатын ақшаны мұнда таба алмаймыз. Сондықтан бұл мәселе әлі қарастырылады. Лас-Вегас немесе Невада штатының өкілдерімен біздің байланысымыз өте жақсы", - дейді Леффлер ESPN Deportes басылымына берген сұқбатында.

Бұған дейін Головкиннің промоутері бірінші жекпе-жектен кейінгі төрешілердің әділетсіз шығарған шешіміне қарамастан екінші кездесуді де Лас-Вегаста өткізуге қарсы емес екенін айтты. Қазіргі уақытта Леффлер "Канелоның" командасымен екінші кездесуді ұйымдастыру үшін келіссөздерді бастап кетті.

Ал Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) Әзірбайжанның астанасы Баку қаласында өтіп жатқан конгрессінде Головкин мен "Канело" арасындағы екінші кездесуді өткізуге рұқсаттарын берді. Жекпе-жек 2018 жылдың 5 мамырында өтуі әбден мүмкін.

  • 3 Қазан 2017
  • 607
Фото - Caravan.kz

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің (37-0-1, 33 КО) промоутері Том Леффлер отандасымыздың мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (49-1-2, 34 КО) екінші кездесуі қай жерде өтетінін айтты.

Леффлердің айтуынша, ол екінші кездесудің Лас-Вегаста емес, AT&T Stadium (100 мың жанкүйерге арналған Dallas Cowboys футбол клубының стадионы) стадионында өткенін қалайды.

"Менің ойымша, екінші жекпе-жектің Cowboys Stadium стадионында өткені дұрыс. Бұл стадионға 100 мың жанкүйер сыйады. Бірақ жекпе-жек бұл стадионда өтсе, Лас-Вегаста табатын ақшаны мұнда таба алмаймыз. Сондықтан бұл мәселе әлі қарастырылады. Лас-Вегас немесе Невада штатының өкілдерімен біздің байланысымыз өте жақсы", — дейді Леффлер ESPN Deportes басылымына берген сұқбатында.