Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы болады.
"Қазақстан аумағы арқылы жылжыған антициклон, демалыс күндері республиканың көптеген облыстарында жауын-шашынсыз ауа райы болады. Солтүстік-шығысқа қарай антициклонның жақындауына байланысты Иран ауданынан Қазақстанға жылы ауа массалары келетін болады. Сондықтан демалыс күндері республикада температураның жоғарылауы күтілуде. Шығыс облыстарында температураның жоғарылауы дүйсенбі күні күтіледі", — деді синоптиктер.