Тергеу нұсқасы бойынша, Берік Қанатов әкімдікке есеп беруші ЖОО басшысынан 3,5 миллион теңге пара алған. "Бұл сома — өзіндік бір пара берудің түрі. Бұл "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2020 жылға дейінгі" бағдарламасы аясында тұрғын үйлерге күрделі жөндеу өткізу үшін бөлінген қаржының берілген 15 пайызы", — делінген Ұлттық бюро департаментінің хабарламасында.
Қазіргі уақытта шенеунік Түркістан қаласындағы уақытша қамау изоляторында.