Жергілікті полиция қызметінің бастығы Қаныбек Жақсығалиев «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» компаниясының жұмысшыларымен кездесті, деп хабарлайды Aktobenews.kz.
Жақсығалиев қаладағы жағдайдың тұрақты екенін айтты. Дегенмен, тұрғындардың да көмегі артық болмайтынын алға тартты.
«Қоғамдық тәртіпті орнатуда ерекше белсенділік танытқан азаматтарға тоқсан сайын 10 айлық есептік көрсеткіш есебінде сыйақы төленеді. Мадақтау қағаздары бар», — деді Жергілікті полиция қызметінің бастығы.