Жезқазғанда автобус өртеніп, жүргізуші мен кондуктор күйіп қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 441.44
  • 473.09
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
30 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жезқазғанда автобус өртеніп, жүргізуші мен кондуктор күйіп қалды

Жезқазғанда автобус өртеніп, жүргізуші мен кондуктор күйіп қалды

Жезқазғанда автобус түгі қалмай өртеніп кетті. Зардап шеккен ер адамдар қатты күйіп қалған. Олар жергілікті ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

  • 19 Қазан 2017
  • 167
Фото - Caravan.kz

Куәгерлердің айтуынша, автобус кешкі уақытта аурухана кешенінің ауданында өртенген. "ПАЗ" маркалы автобустың өртенгені туралы мәлімет өрт сөндіру қызметінің кезекші бөліміне 19:19-да түскен.

Өрт болған уақытта қоғамдық көліктің ішінде жолаушылар болмаған.  Өрт салдарынан күйіп қалған 1995 жылғы жүргізуші мен 1994 жылғы кондуктор Жезқазған ауруханасына жеткізілді. Өрт 19:40-та сөндірілді. Өрт аумағы — 12 шаршы метр. 

"Өрт сөндіруге Қарағанды облыстық ТЖД апатты құтқару жұмыстары және өрт сөндіру қызметіндегі жеке құрамның 11 адамы мен арнайы үш техника жұмылдырылды", — деді облыстық ТЖД баспасөз қызметі. 


 

Соңғы жаңалықтар