Жалдамалы пәтерлердің бірінде болған қызды коммуналдық саладағы кәсіпорындардың бірінің қызметкері зорламақ болады. Ер адамнан қашқан бойжеткен екінші қабаттан секіріп кеткен.
— Бойжеткен бізге 13 қазан күні таңғы сағат 8-дер шамасында түсті. Тексеруден өтті. Омыртқа жотасы сынып, табанынан жарақат алған. Қан құрамынан ішімдік анықталды. 17 қазан күні ол өз бетімен ауруханадан шығып кетті,-дейді теміржол емханасы директорының орынбасары Гүлмира Құлжанова