Ақтөбеде алаяқтық жасады деген күдікпен депутат ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде алаяқтық жасады деген күдікпен депутат ұсталды

Ақтөбеде алаяқтық жасады деген күдікпен депутат ұсталды

Ақтөбе облыстық мәслихат депутаты Бақытжан Ержанов ұсталды. Қазіргі кезде үш дерек бойынша тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.    

  • 20 Қазан 2017
  • 306
Фото - Caravan.kz

Ақтөбеде депутат ұсталды. Облыстық соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазір 3 дерек бойынша іс тергеліп жатыр.

«Қылмыстық кодекстің «Аса ірі көлемде алаяқтық жасау», «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру», «Билік өкіліне қарсы күш қолдану» баптары бойынша бұлтартпау шарасы тағайындалып, екі айға қамауға алынды»,- деді Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі. Депутат тергеу жұмыстары аяқталғанша уақытша тергеу изоляторында отырады.

Айта кетейік, 57 жастағы Бақытжан Ержанов Ақтөбе облысы, Шалқар ауданында дүниеге келген. Облыстық мәслихат порталының депутат туралы ақпаратына сүйенсек, 1985-1994 жылдары Шалқар ауданының Бершүгір совхозында мал дәрігері болы жұмыс істеді. 2006 жылға дейін кәсіпкерлікпен айналысып, «Жаңа Әлжан» элеваторының вице-президенті, «Абай» ЖШС директоры, Ақтөбе облысы Хромтау ауданындағы «Жантүзер» шаруа қожалығының басшысы, «Айтаба» ЖШС директоры болды. 2006 жылдан бастап «КазПромСтройГрупп» ЖШС директоры қызметін атқарып жүр. 2015 жылы «Құрмет» орденімен марапатталды. Әр жылдары Хромтау, Ырғыз,  Шалқар, Темір аудандарының «Жыл адамы» болды. «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалімен марапатталды. Ол Ақтөбе облыстық мәслихатының VI шақырылымының депутаты, мәслихаттың құрылыс, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі. «Нұр Отан» партиясының мүшесі. «Кикбоксинг» федерациясының президенті.  


Айта кетейік, Бақытжан Ержанов түрлі қайырымдылық шараларына қатысады. Биыл су тасқыны кезінде бір отбасыға 2 бөлмелі пәтер сыйлаған еді.