Жас жігіттің жеңсік асқа аңсары әбден ауса керек, бекірені аулаудың жеңіл жолын таңдапты. Сөйтіп, құнды балықты өсірумен айналысып, клиенттерге көзінше пісіріп беретін мейрамханалардың біріне келген. Айналада ешкімнің жоқтығын пайдаланған ол судағы балықты ұстап алып, сыртқа беттепті.
Бірақ, киімінің ішіне жасырған бекіре сусып жерге түскен. Ұры соны қайтадан аламын деп әуреге түсіп жатқанда, оны күзетшілер ұстап алды. Балықты баппен жемек болған азаматқа қатысты «ұрлық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Енді ол үш жылға дейін сотталуы мүмкін.