Астанада көлік өзенге түсіп кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 487.73
  • 558.99
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада көлік өзенге түсіп кетті

Астанада көлік өзенге түсіп кетті

Көлік жүргізушісі рөлге ие бола алмай, темір қоршауға соғылып, суға түсіп кеткен, деп хабарлады елорданың ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі. 

  • 26 Қазан 2017
  • 291
Фото - Caravan.kz

Апат кеше түнде болған. Көліктің ішінде жүргізушіден басқа бір жолаушы отырған.  

"Жедел жәрдем мен полицейлер келді. Екеуіне медициналық көмек көрсетілгеннен кейін олар үйіне жіберілді. Басқа зардап шеккендер жоқ. Судың ішіндегі көлік төтенше жағдайлар департаментінің арнайы технкасының көмегімен шығарылды", — деді баспасөз қызметіндегілер. 

Сондай-ақ, полиция хабарлағандай, әкімшілік хаттама толтырылып, апаттың мән-жайы анықталып жатыр.