Бүгін Brent маркалы мұнайдың баррелі 59 доллардан асып жығылды. WTI маркасының бағасы 53 долларға жақындады. Кейбір сарапшылар бағаның өсуіне Сауд Арабиясының мұрагер ханзадасының мәлімдемесі әсер етті деген пікірде. Ол Блумберг басылымына берген сұхбатында ОПЕК келісімінің ұзартылуы мүмкін екенін айтқан еді. Ал басқа дереккөздер бағаға Еуропалық орталық банктің несие беру мерзімін тағы екі жылға ұзартуы себеп болды деседі. Бұған дейін қара алтын құнының артатынын Дүниежүзілік банк те болжаған еді. Оның деректеріне сүйенсек, келер жылы мұнай бағасы 56 АҚШ доллары шамасында сақталады.