Үкімде айтылған мәтін бойынша, Поляничко ҚР Қылмыстық кодексінің 96-бабы 1-бөлігі және 99-бабы 2-тармағы бойынша қылмысы ессіздік қалпында істегені дәлелденген. "ҚР Қылмыстық кодексінің 16-бабына сәйкес Поляничко қылмыстық жауапкершіліктен бостылды. Есi дұрыс емес деп танылған Поляничконы сот осы Кодексте көзделген медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасы — психиатриялық стационарда ем қабылдау тағайындалды", — деп оқыды үкімді Абай Раисов.
Еске салайық, 2017 жылы 14 қаңтар полиция қызметкерлері Қостанайдың 26 жастағы тұрғынын ұстаған еді. Ол екі адамды өлтіріп, денесін бөлшектеді деген күдікке ілінген. Ол екеуі де із-түссіз жоғалғандар қатарында болған. Қостанайда 27 жастағы Александр Самсоновтың дене мүшелері табылған. Кейінірек күдікті адам өлтіргенін мойындап, тағы бір адам — Данила Кленконы бөлшектегенін айтқан. Оның дене мүшелері табылған. Сараптама қорытындысы бойынша, күдіктінің есі ауысқаны анықталды. Зардап шеккен тарап сараптама қорытындысымен келіспейді. Сот отырысы барысында Поляничконың үшінші адамды өлтіргенін мойындады. Поляничко жауап алу кезінде өзі өлтірген адамдардың басынан мүйіз көргенін айтқан.