"Жасыл елден" миллиондарды жымқырған - kaz.caravan.kz
  • $ 487.73
  • 558.99
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Жасыл елден" миллиондарды жымқырған

"Жасыл елден" миллиондарды жымқырған

Қостанай қалалық №2 сотына «Жасыл ел» Жастар еңбек жасақтарының республикалық штабы» Қостанай облыстық филиалы жеке мекемесінің 29 жастағы бұрынғы басшысына қатысты қылмыстық іс түсті. 

  • 31 Қазан 2017
  • 203
Фото - Caravan.kz

Азамат А. 16 миллион теңгені жымқырды деп айыпталуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық соттың сайтына сілтеме жасап.

Іс материалдарына қарағанда, 2014-2015 жылдар аралығында филиалдың экс-басшысы адамдар тобымен алдын ала сөз байласу арқылы әрекет жасаған. Ол кәсіпкерлермен алдын ала келісіп, өзінің таныстарын жұмысқа тұрғызып, кейін олардың құжатын еңбек жасақтарына рәсімдеген. Істелмеген жұмысқа тізімдеме (ведомость) жазып, республикалық бюджеттен қаржы аударған. Ол қаржы  жұмыстан босатылған басшы мен оның сыбайластарының есепшотына түскен, — делінген Қостанай облыстық соты баспасөз қызметінің мәлімдемесінде.

Жымқырылған қаржы мемлекетке қайтарылып, тергеп-тексеру басталды. Негізгі сот отырысы ағымдағы жылдың 3 қарашасы күні өтеді.