Қазақстанда шылым шегетін оқушы қыздар көбейіп барады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда шылым шегетін оқушы қыздар көбейіп барады

Қазақстанда шылым шегетін оқушы қыздар көбейіп барады

Қазақстанда темекі шегетін оқушы қыздар көбейіп барады. Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихаты барысында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі «Денсаулық сақтауды дамыту» Республикалық орталығының бас директоры Айнұр Айыпханова мәлім етті.

  • 2 Қараша 2017
  • 256
Фото - Caravan.kz

«Халықаралық денсаулық сақтау ұйымының есебіне сүйенсек, Қазақстанда темекі мен ішімдікке қарсы шаралар жүргізіліп жатса да, дұрыс тамақтану мен физикалық белсенділік, яғни денсаулық сақтаудың басты факторына біздің дұрыс көңіл бөлінбейді. Мысалы, Қазақстанда шамамен әрбір екінші еркек темекі шегеді (46 пайыз). Ал әйелдердің темекі тарту көрсеткіші 5 пайыз десек те, мектепте жоғары сыныптарда оқитын 15-17 жастағы қыздар арасында соңғы жылдары темекі тарту көрсеткіші артып барады. Бұл жағдай бізді қатты алаңдатады», — дейді Айнұр Айыпханова.

Ішімдік жағынан да Қазақстанда көрсеткіш көңіл қуантарлық емес. Қазақстанда әйелдердің 70 пайызы мүлде ішімдік ішпесе, бұл көрсеткіш еркектерде басым.

Еске сала кетсек, бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау саясаты департаментінің директоры Айжан Есмағамбетова ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында Қоғамдық денсаулық сақтау қызметін құру бағытында атқарылған жұмыстармен таныстырды. Қоғамдық денсаулық сақтау қызметін құрудың мақсаты қоғамдық денсаулық сақтау мәселелері бойынша мүдделі тараптардың күштерін біріктіру болып табылады.