Синоптиктердің 3 қарашаға арналған ауа райы болжамы - kaz.caravan.kz
  • $ 487.73
  • 558.99
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Синоптиктердің 3 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Синоптиктердің 3 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты 3 қараша күні республиканың басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі. Кей жерлерде жел күшейіп, тұман, көктайғақ болады, оңтүстік-шығыстың кей жерлерінде найзағай ойнап, күшті жел тұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

  • 3 Қараша 2017
  • 250
Фото - Caravan.kz

Атап айтқанда, Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде 15-20 м/с жылдамдықпен соққан желдің екпіні 23-28 м/с жетеді. Ақмола, Қарағанды облыстарының жекелеген жерлерінде тұман мен көктайғақ болжанады.

Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында тұман күтіледі.

Қызылорда, Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей аумақтарында тұманды болады, желдің күші 15-20 м/с жетеді. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі. Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.  

Павлодар облысында 15-20 м/с екпіндегі жел күндіз 23-28 м/с күшейеді, түнде кей жерлерінде тұман, көктайғақ болжанады.


Оңтүстік Қазақстан облысында 15-20 м/с екпіндегі желдің күші 23-28 м/с артады.

Алматы облысының кей жерлерінде — күндіз, Жалаңашкөл ауданында түнде жел 15-22 м/с күшейеді.

Жамбыл облысының кей жерлерінде найзағай, тұман күтіледі, бұршақ болуы мүмкін, желдің жылдамдығы 23-28 м/с жетуі ықтимал.