Геннадий Головкин табысты боксшылардың P4P рейтингінде екінші орынға түсіп қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 487.73
  • 558.99
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Геннадий Головкин табысты боксшылардың P4P рейтингінде екінші орынға түсіп қалды

Геннадий Головкин табысты боксшылардың P4P рейтингінде екінші орынға түсіп қалды

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) Elite Sports NY нұсқасы бойынша Pound-For-Pound (салмақ дәрежесіне қарамастан) рейтингінде ең табысты боксшылар тізімінде екінші орынға жайғаст?

  • 5 Қараша 2017
  • 164
Фото - Caravan.kz

Бірінші орынға Теренс Кроуфорд көтерілді, ал қазақстандық боксшының басты қарсыласы Сауль "Канело" Альварес үшінші орынға табан тіреді , — деп хабарлайды Vesti.kz

1. Теренс Кроуфорд (32-0, 23 КО).
2. Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО).
3. Сауль Альварес (49-1-2, 34 КО).
4. Василий Ломаченко (9-1, 7 КО).
5. Гильермо Ригондо (17-0, 11 КО).
6. Сергей Ковалев (30-2-1, 26 КО).
7. Майки Гарсия (37-0, 30 КО).
8. Кит Турман (28-0, 22 КО).
9. Эррол Спенс (22-0, 19 КО).
10. Дэнни Гарсия (33-1, 19 КО).

Айта кетейік, Лас-Вегаста өткен жекпе-жек 12 раундтан тұрды. Жекпе-жек қорытындысы бойынша Головкин мен Альварес тең түсіп, Головкин барлық титулын сақтап қалды.


Сондай-ақ, кейінірек жекпе-жектің толық видеосы жарияланды. Головкин мен Альварестің командалары екінші жекпе-жек өткізу үшін келіссөздерді бастап кетті. Олар 2018 жылы 5 мамырда шаршы алаңда қайта кездесуі мүмкін