Бұл туралы “Фонтанка” басылымы жазды.
Басы жарылған зейнеткер үйіне кеткен. Алайда біраз уақыттан кейін оның жағдайы қатты нашарлап, жедел жәрдем шақырған. Оны тексерген дәрігерлер бас сүйегінің сынғанын анықтаған. Артынша жарақатты қайда алғанын айтып берген.
Айтуынша, шамамен сағат 23:30 шамасында ашулы жолаушы автобус ішінде оны балғамен ұрып жіберген. Әйел әлгі бойжеткенді таниды екен. Бірақ, араларында жанжалдың тууына не себеп болғанын айтпады.
Сол түні ауруханаға зейнеткер ғана емес, әлгі бойжеткен де түскен екен. Дәл қазір ол Филатов атындағы балалар ауруханасында жатыр. Басылымның хабарлауынша, ол мас болғандықтан ғана осылай жасаған болуы мүмкін.