Танымал блогер Айжан Хамит өзінің Facebook парақшасында мемлекеттік туды терезеге ілгені үшін төленетін айыппұлға байланысты өзінің қарсылығын білдірді.
"Мен осы суретті Измир қаласында болғанымда түсірдім. Жалпы Түркияда туды арнайы себепсіз кез келген жерде іле беруге болады. Мысалға, отбасыда бала әскерге кеткен кезде, ата-аналары оны күткен уақытта мемлекеттік туды қылтимаға іліп қояды. Мерекелер туралы айтып та керек емес. Ал бізде осылай туды іліп қойсаңыз — 500 мың тенге айыппұл төлейсіз. Бізде ғана осылай." , — деп жазды Айжан Хамит.
Еске сала кетейік, Қызылорда тумасы Сұлтан Тумашинов терезесіне Қазақстан туын іліп қойғаны туралы мақала жазған болатын. Бір күнде жігіттің пәтеріне тәртіп сақшылары келіп, оған қомақты айыппұл салған болатын.