Белгілі діндардың каратэмен айналысқан видеосы желіні шулатты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Белгілі діндардың каратэмен айналысқан видеосы желіні шулатты

Белгілі діндардың каратэмен айналысқан видеосы желіні шулатты

Белгілі діндар, дінге қатысты талай атышулы мәлімдемелерімен мәлім Әбдіғаппар Сманов тағы да жұртты шулатты. Бұл жолы ол уағызымен емес, әрекетімен әйгілі болып отыр.

  • 13 Қараша 2017
  • 1536
Фото - Caravan.kz

Әлеуметтік желіде тараған шағын бейнероликте Сманов каратэмен айналысып жүр, деп хабарлайды Caravan.kz.

Бір жағынан онда тұрған ештеңе жоқ болып көрінгенімен, кей жұрт мұны күлкі қылып жатыр. Мысалы, видеоны Фейсбуктегі парақшасына салған белгілі заңгер Айгүл Орынбек былай деп жазыпты:

"Мақтаншақ Қожа" дейтін бе еді кинода? "Боевик имам" немесе "кəрəтист имам " деп атау қойсам қалай болады мына видеоға?
Анау мен баратын фитнес-клубта сақалды сəлəфиттер азаннан кешке дейін осылай төбелесуге дайындалып жүреді. Брюс Ли мен Джеки Чан қасында ойнамай қалды ғой. "Қай жерін бассам өшеді" деген жеріне өлдім күліп!"

Бұл жазбаға әртүрлі пікірлер жазылып жатыр. Бір жақ бұның еш сөкеттігі жоқ десе, екінші жақ Әбдіғаппар Смановты әсіре діншіл деп айыптап, "сонда бұл қандай соғысқа дайындалып жатыр?" деген мағынада сұрақ қойған. 


"Мақтаншақ Қожа "- дейтін бе еді кино да? "Боевик имам" немесе "кəрəтист имам " деп атау қойсам қалай болады мына видеоға? Анау мен баратын фитнес клубта сақалды сəлəфиттер азаннан кешке дейін осылай төбелесуге дайындалып жүреді. Брюс Ли мен Джеки чан қасында ойнамай қалды ғой🤣🤣🤣🤣 "Қай жерін бассам өшеді"- деген жеріне өлдім күліп!

Posted by Айгүл Орынбек on Friday, November 10, 2017