Павлодарда жаңа үйлерде арбаға танылғандардың жағдайы ескерілмеген - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда жаңа үйлерде арбаға танылғандардың жағдайы ескерілмеген

Павлодарда жаңа үйлерде арбаға танылғандардың жағдайы ескерілмеген

Павлодарда жаңадан салынып жатқан үйлердің есіктері мүгедектерге арналған арбаларға сай келмейтін, яғни көлемі тар болып шықты, деп хаба

  • 13 Қараша 2017
  • 172
Фото - Caravan.kz

Павлодарда жаңадан салынып жатқан үйлердің есіктері мүгедектерге арналған арбаларға сай келмейтін, яғни көлемі тар болып шықты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

Бұл туралы «Мүмкіндігі шектеулі жандардың өмірін оңалту» тақырыбында өткізілген дөңгелек үстел барысында өңірлік мүгедектер қоғамының төрағасы Георгий Четвериков айтты.

— Құрылыс нормалары мен ережелерінде 20 жылдан бері шегеленіп көрсетілген. Жуыну бөлмесіне кіретін есіктің ені 80 сантиметрден кем болмау керек. Көктемде Ломов, 132/1 мекенжайында бірінші қабатында техникалық мектебі бар үй пайдалануға берілді. Оны көруге бәрі келді, бірақ, ішіне кірді ме, жоқ па, білмедім. Бір танысым сол үйден пәтер алды. Дәретхана мен жуыну бөлмелеріне кіретін есіктің ені 60 см. Ал, біздің арбамыздың ені — 75 см. Ереже бар, норма бар, бірақ, неліктен сәулетшілер оны назарға алмайды. Бұдан бөлек, басқа да үйлер салынып жатыр, мұнда да дәл солай. 60 см — бұл үнемдеу ме, қалай?, — деп наразылығын білдірді Георгий Четвериков.

Қалалық мәслихаттың хатшысы Зәуреш Мұқашеваның ойынша, бұл үйлер жеңілдігі бар адамдарға арналған болуы ықтимал, ал, пәтер алу кезегінде мүмкіндігі шектеулі жандар болмағандықтан баспана солай салынған.


— Биыл біз сәулет бөлімінде жобалық ғимараттарда жарамсыз алты құрылыс нормасын қолданып жүргенін анықтадық, — дейді «Доступный Павлодар» жобасының басшысы Александра Бобкова. — Ыңғайлы есіктер осыдан кейін қайдан болады? Бөлмеге кірердегі есіктің ені барлық жерде бірдей болу керек. Олар құжаттардың қалай өзгеріп жатқанын білмейді ме? Біз бес ай бұрын хат жазған болатынбыз, жауабы әлі келмеді.

Кездесу соңында мұндай шараларды тоқсан сайын өткізу ұсынылды. Құрылыс нормалары мен ережері және салынып жатқан үйлер туралы сұрақ шешімін таппағандықтан, келесі отырысқа сәулетшілер мен құрылыс компанияларының басшылары шақыртылады.