Көкшетауда тойға бара жатқан адамдар жантүршігерлік жол апатына түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көкшетауда тойға бара жатқан адамдар жантүршігерлік жол апатына түсті

Көкшетауда тойға бара жатқан адамдар жантүршігерлік жол апатына түсті

Тойға бара жатып, ажал құшты.

  • 14 Қараша 2017
  • 194
Фото - Caravan.kz

Көкшетау-Петропавл тас жолында болған сұмдық жол апатынан бір көліктегі 4 адам қаза тапты. «Ланд крузер Прадо» мен «Делика» бетпе-бет келіп соғысып, екі көліктің де сау-тамтығы қалмаған. Жол апатынан зардап шеккен 6 адам қазір ауруханада жатыр. Олардың бірі – сәби, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Оқиға орнында туыстарын жоқтап жатқан бұлар – джипте отырған адамдар. Олар сенбі күні екі көлік болып Солтүстік Қазақстанның Айыртау ауданына тойға бара жатыпты. Жол апаты көз алдарында болған. «Прадоның» 2 жолаушысы сол жерде тіл тартпай кетті. Ал оның тізгінінде болған азамат ауруханада көз жұмды. Бүгін ауруханада «Прадоның» тағы бір жолаушысы қайтыс болды. Қазір 5 адам жан сақтау бөлімінде жатыр. Олардың бірі – сәби.

Мұратбек Бекмұхамбетов, травматолог- дәрігер:

-Барлығы жағдайлары өте қиын. Жарақаттары көп алған. Бәрі ем алып жатыр. Қажет болған науқастарға жедел операция жасалды.

Ал «Деликада» болған жігіттердің біреуінің беті бері қарады. 

Рамазан Қаһаров, зардап шегуші:


-4 адам Астанаға кетіп бара жатыр едік. Қарсы жақтан екінші жолақта «Прадо» келе жатты. Аяқ астынан оның артынан басқа джип атып шықты да, бізге бетпе-бет келіп қалды. Оңға кетіп үлгермедік. Ар жағы есімде жоқ

«Деликадағы» 4 жігіт құрылысшылар екен. Солтүстік Қазақстанда көпір салып болып, Астанаға қайтып бара жатқан. Ал оларға қарсы келген джип Екібастұздан шығыпты. Ондағы қаза тапқан төртеудің екеуі – ерлі-зайыптылар.

-Оқиға дәл мына жерде болған. Бұл – Көкшетаудан 10 шақырым қашықтықтағы жол. Бетпе-бет келіп соғысып, сау-тамтығы қалмаған көліктердің сынықтары мұнда әлі де шашылып жатыр. Болжам бойынша, жол апатына «Прадо» себепкер болған. Қаза тапқандардың бәрі де – осы жол талғамайтын көлікте отырған адамдар.

Жан сақтау бөліміндегі адамдардың екеуінің жағдайына дәрігерлер әлі де алаңдаулы. Қазір жол апатына қатысты қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.