Өзбекстандық шенеунік қоластындағы қызметкерлерін 45 минут бойы балағаттады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өзбекстандық шенеунік қоластындағы қызметкерлерін 45 минут бойы балағаттады

Өзбекстандық шенеунік қоластындағы қызметкерлерін 45 минут бойы балағаттады

Азаттықтың өзбек қызметіне Ташкент облысы Паркент ауданындағы мақта алқабында 1 қарашада болған жиналыстың аудиотаспасын жергілікті тұрғынның бірі жіберген. Онда аудан басшысы Нематулла Абдуллаев қарамағындағыларға дөрекі сөйлеп, былапыт сөздер айтқан.

  • 14 Қараша 2017
  • 163
Фото - Caravan.kz

Аудиожазба авторының айтуынша, жиналыс кезінде Нематулла Абдуллаев мақта өткізуде "артық берілген жалған есеп" үшін, Бекабад ауданы басшысы мен прокуроры және милиция басшысына қарсы қылмыстық іс қозғалғанын айтқан.

«Колледждер 1,5 тонна мақта өткіздік деп есеп берген. Бірақ шын мәнінде 700 келі мақта терген. Кеше 3 тонна мақта жинадық дедіңдер. Бірақ бар болғаны 700 келі, жаляб (жезөкше – Ред.)», – деп балағаттайды аудан әкімі колледж директорларына қаратып.

45 минөтке созылған жиналыста Абдуллаев 126 рет дөрекі сөз айтқан. Бірақ әкімнің өзі мұны жоққа шығарады.


"Мен шын мәнінде олардың берген жалған есебі үшін сөгуіме болатын еді. Егер мен кімде-кімді балағаттасам, онда мені сотқа берсін", – деп мәлімдейді ол.