Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 2017 жылғы қазанның соңына 134,6 мың адамды құрады немесе ол елдің экономикалық белсенді халқының санына 1,5 пайыз деңгейінде.
Бұдан бөлек, 2017 жылғы қыркүйекте халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары бағалау бойынша 79391 теңгені құрады. Бұл 2016 жылғы қыркүйекке қарағанда 4,3 пайызға жоғары, нақты ақшалай табыс көрсетілген кезеңде 2,6 пайызға төмендеді.
«2017 жылғы қазанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 149917 теңгені құрады»,- деп атап өтілген министрлік мәліметінде.