Қан тапсырушы донорлар iPhone 7 ұту мүмкіндігіне ие болды - kaz.caravan.kz
  • $ 487.73
  • 558.99
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қан тапсырушы донорлар iPhone 7 ұту мүмкіндігіне ие болды

Қан тапсырушы донорлар iPhone 7 ұту мүмкіндігіне ие болды

Өз еркімен қан тапсырған донорлар лотереяға қатысып, iPhone 7 ұта алады

  • 15 Қараша 2017
  • 125
Фото - Caravan.kz

Қазақстанның Қызыл Жарты айы әлеуметтік жобаны бастады, соның аясында қан донорлары iPhone 7 ұта алады.

Ұйымның баспасөз хабарламасына сүйенсек, жобаның мақсаты Қазақстан халқы арасында өз еркімен қан тапсыру үрдісін насихаттап, дамыту мәселесі бойынша ерікті бастамаларға қолдау көрсету болып табылады.

Науқан шарты бойынша, 2017 жылғы 15 қараша мен 2018 жылғы 30 қаңтар аралығында қан тапсырған әр адам науқан демеушілері ұсынған iPhone Red телефонына ие болуы мүмкін.

Ұйымдастырушылар әр екі апта сайын бір  iPhone 7 Red ойнатып отырады. Сонда донорлар арасында барлығы он iPhone 7 Red ойнатылады. Жеңімпаз кездейсоқ сан генераторы көмегімен анықталмақ.


Бұдан бөлек,  әлеуметтік жобаға қатысушы әр донор 500 бонустық картаға ие болып, оны электронды техника дүкендерінде пайдалана алады.