Қазақстанда құрастылырған көліктер көрші елдерге шыға бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+1 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда құрастылырған көліктер көрші елдерге шыға бастады

Қазақстанда құрастылырған көліктер көрші елдерге шыға бастады

Үкімет отырысында инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек 2017 жылы Қазақстан алғаш рет Қытайға машина экспорттай бастағанын айт

  • 21 Қараша 2017
  • 230
Фото - Caravan.kz

Үкімет отырысында инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек 2017 жылы Қазақстан алғаш рет Қытайға машина экспорттай бастағанын айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Біз әлемнің 113 еліне өңдеу секторының 800-ден астам тауарын экспорттаймыз. Уран, мыс, титан, ферроқорытпа, сары фасфор, ұн, мақта майын, бидай, зығыр тұқымын жеткізуде еліміз әлемдік көшбасшы болып есептелінеді. Соңғы 5 жылда экспорттың сапалық құрылымы едәуір жақсарды. Ал экспортталатын тауарлардың үштен бірі экономиканың шикізаттық емес секторға тиесілі», — деді министр.

Сонымен қатар Жеңіс Қасымбек еліміздің алғаш рет Қытайға машина экспорттай бастағанын атап өтті.

«Алғаш рет Қазақстан теміржол саласындағы машина өнімдерін экспорттай бастады. Ол – электровоз, тепловоздар. Бұл өнімдер Орталық Азия елдеріне, Украинаға экспорттала бастады. Қазақстанда құрастырылған машиналар көрші елдердің нарығына шығарылды. Осы жылы алғаш рет Қытайға машина экспорттай бастадық. Жолаушылар вагоны, рельстерді және қазақстандық өндірістің әскери-өнеркәсіп кешенінің өнімдерін экспортқа шығару бойынша жұмыстар жүргізілуде», — деді ол.

Сондай-ақ министр отандық трасформаторлар мен аккумулятордың шетелде жоғары сұранысқа ие екенін атап өтті.


«Отандық трасформаторлады жеткізудің үлесі артты. Сонымен қатар аккумулятордың экпорттық үлесі жоғары. Осы жылы біз 1 млн 200 мың аккумуляторды сыртқа шығаруды жоспарлап отырмыз. Олар Таяу Шығысқа, Кеден елдеріне. Сондай-ақ отандық азық-түлік өнімдері шетелде жоғары сұранысқа ие. Оның экспорттың көлемі 2 млрд долларға жуық», — деді ведомство басшысы.

2017 жылдың 9 айында өңделген тауар экспорты 22%-ға өсіп, 1,1 млрд долларды құраған.

«Ферроқорытпаларды, мұнай өнімдерін, мыс, прокат, пропан мен бутан, мырыш жеткізілімдері артты. Экспорттың жалпы көлеміндегі өңделген тауарлардың үлесі 32%-ды құрады», — деп түйіндеді сөзін Жеңіс Қасымбек.