Еліміздің бас газетінің басшысы басылымға күштеп жаздыру мәселесіне қатысты жауап берді - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
+5 °C
Алматы
2025 Жыл
14 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еліміздің бас газетінің басшысы басылымға күштеп жаздыру мәселесіне қатысты жауап берді

Еліміздің бас газетінің басшысы басылымға күштеп жаздыру мәселесіне қатысты жауап берді

Қазір алдағы жылға газет-журналға жазылу науқаны қызу жүргізіліп жатыр. Осындай кезде жұртты мемлекеттік басылымдарға күштеп жаздырудың үйреншікті жайтқа айналғаны жасырын емес. Бұл мәселе жылдағы науқан барысында талқыланып жатады.

  • 22 Қараша 2017
  • 686
Фото - Caravan.kz

«Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі осы жайтқа қатысты уәжін әлеуметтік желіде жазды, деп хабарлайды Caravan.kz.

Әрине, кім де болса, өз газетіне көп оқырман жазылғанын қалайды. Осыған меңзеген Дархан Қыдырәлі бірақ «Егемен Қазақстанға» мәжбүрлеп жаздыруды мүлдем қолдамайтынын айтқан.

«Газет оқу — өркениетті елдерде де мәдениеттіліктің бір белгісі іспетті. Әсіресе, интернет жетпеген ауыл-аймақтағы ағайындардың газет оқуы маңызды деп білеміз. Кітап оқу деңгейі төмендеп, баламалы ақпаратқа қолжетімділік қиындап тұрғанда газет елде және жаһанда болып жатқан оқиғалар туралы ақпарат алып, сараптамалар арқылы танымды арттыратын және маңызын жоғалтпайтын құнды материалдармен рухани азық беретін бірегей құрал болып отыр. Дегенмен, бұл газетке еріксіз жаздырудың дұрыс екенін білдірмейді. Басылым ең әуелі оқырманның көңілінен шығып, шынайы сұранысқа ие болуы қажет деп санаймыз. Сол себепті біз контентті дамытуға, мазмұнды байытуға бар күшімізді салудамыз» дейді Д.Қыдырәлі.

Ол «мемлекеттен қаржы ала отырып, газетке жұртты жазылдырудың қажеті не?» дейтіндерге де жауап беріп, «Егемен Қазақстаннның» тек биліктің сөзін халыққа жеткізіп қана қоймай, оқырман ойын да биік мінберлерге жеткізіп жүргенін айтқан.

«Мемлекеттен қаржы аласыңдар, сендерге жазылым не үшін керек дейтіндер бар. Ол қаражат газет шығынының бар болғаны 1/3 бөлігін ғана жабады, қалғанын жарнама және басқа да табыс көздері арқылы толтырамыз. Оның үстіне "Егеменге" бөлінетін қаржы көлемі соңғы 4 жылда өзгермеген. Есесіне бояу мен қағаз жыл сайын қымбаттағандықтан мемлекеттік қаражаттың шығынымыздағы үлесі төмендеп келеді. Сол себепті газетіміз көп тиражбен шығуға соншалықты мүдделі де емес. Осыған қарамастан, биыл жазылушылар саны көбейіп, жыл соңындағы көрсеткіштер бойынша рекордтық көрсеткішке жетті. Алғаш рет жазылып жатқандардың саны да артты.


«Егемен» тек биліктің сөзін халыққа жеткізіп қана қоймай, оқырманның да ойы биік мінберлерге жетуіне дәнекер болып келеді.
Басылым бетінде ауыл-аймақтың жағдайы мен өткір мәселелерді жиі қозғаймыз. Ауыз-судан бастап, мектеп пен денсаулық тақырыптарының бәрін қозғап келеміз. Басылымла көтерілген мәселе мақалаларымыз да көбіне тиісті шешімдерін тауып жатады» деп жазыпты аталған басылым басшысы.

Перейти к новостям спорта