Каспий теңізінде бір тәулік ішінде үш рет жер сілкінді - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
+2 °C
Алматы
2025 Жыл
14 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Каспий теңізінде бір тәулік ішінде үш рет жер сілкінді

Каспий теңізінде бір тәулік ішінде үш рет жер сілкінді

Жер сілкіну кіндігі 30-60 километр тереңдікте болған

  • 23 Қараша 2017
  • 166
Фото - Caravan.kz

 22 қарашада Каспий теңізінде үш рет жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Әзербайжан ұлттық ғылым академиясы жанындағы республикалық сейсмологиялық қызмет орталығы, деп жазады "Лада".

Жер сілкінісі 30 және 60 километр тереңдікте болған.    

Біріншісінің магнитудасы 3.2, Каспий акваториясында 09:36-да тіркеліпті, екіншісі – магнитудасы 3.2 – 16:25-те, үшіншісі – магнитудасы 3.3 – 17:18-де.

Сейсмологиялық оқиғалар салдарынан құрбан болғандар мен келтірілген зардап жайында мәлімет түспеген.


Бұдан бұрын 8, 22 және 30 қазанда, 10 тамызда, 28 және 29 маусымда Каспий теңізінде жер сілкінген еді.

Перейти к новостям спорта