«Тальго» пойызының жолсерігіне пышақ салған ер адам сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Тальго» пойызының жолсерігіне пышақ салған ер адам сотталды

«Тальго» пойызының жолсерігіне пышақ салған ер адам сотталды

Жүрдек пойызында ауыр қылмыс орын алды. 

  • 24 Қараша 2017
  • 207
Фото - Caravan.kz

Атырау облысында «Тальго» жүрдек пойызының жолсерігін пышақпен жарақаттаған ер адам 5 жылға сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Атырау облысы Қызылқоға аудандық сотында «Тальго» пойызында жолсерікті пышақпен жарақаттаған азамат Ж.Т.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды. Сот отырысы барысында анықталғандай, ішімдікке тойып алған айыпталушы Атырау облысының Сағыз стансасында перронда тұрған «Тальго» жолаушылар пойызының жолсерігіне таянып, оны Қандағаш стансасына дейін ала кетуді өтінген. Билетсіз жолаушыны алудан бас тартқан жолсерікті айыпталушы итеріп жіберіп, вагонға кіруге тырысқан. Осы сәтте әріптесіне көмекке өзге жолсерік ұмтылған. Оған жанжал шығарған ер адам пышақ жарақатын салған. Зардап шегушінің денсаулығына аса ауыр зиян келтірілді», — деп мәлімдеді Атырау облыстық сотының баспасөз қызметінен.

Сот отырысы барысында сотталушы істеген әрекетіне өкініп, кінәсін мойындады. Зардап шегушіден кешірім алған ол, соттан қатаң жаза тағайындамауды сұрады.


«Сот үкімімен азамат Ж.Т. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 106-бабы 2-бөлігі 7-тармағы бойынша кінәлі деп танылды. Істің барлық мән-жайы ескеріле отырып, сот оған 5 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады», — деп хабарлады облыстық соттан.

Сот үкімі заңды күшіне енді.