Елбасы: дәрі-дәрмек бағасының негізсіз өсуі заңнан тыс орын алды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
 Елбасы: дәрі-дәрмек бағасының негізсіз өсуі  заңнан тыс  орын алды

Елбасы: дәрі-дәрмек бағасының негізсіз өсуі заңнан тыс орын алды

Мемлекет басшысы дәрі-дәрмек бағасын мемлекеттік реттеу және фармацевтика саласындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізу мәселелеріне ерекше тоқталды.

  • 24 Қараша 2017
  • 350
Фото - Caravan.kz

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановты қабылдады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Менің бағаға қатысты мәселені шешу жөнінде берген тапсырмамнан кейін Фармация комитетінің төрағасы, "СК-Фармация" компаниясының басшылығы және бес облыстың басқарма басшылары ұсталды. Дәрі-дәрмек бағасының негізсіз өсуі шарттар жасасудағы заңнан тыс әрекеттер нәтижесінде орын алады", — деді Елбасы.

Қазақстан Президенті алға қойылған міндеттердің уақтылы іске асырылуын қамтамасыз етуді және денсаулық сақтау саласына, соның ішінде дәрі-дәрмектерді сатып алу үрдісіне тиісті бақылау орнатуды тапсырды.


Бұл ретте Нұрсұлтан Назарбаев Е.Біртановқа өзі басшылық ететін салаға дербес жауап беретінін ескертті.