Мейірім мен Эрик арасындағы жекпе-жек алты раундқа жоспарланған болатын. Алайда алғашқы сәттерден-ақ бірден шабуылға шыққан қазақстандық боксшының қарқынына америкалық төтеп бере алмады. Нәтижесінде екінші раундта Мейірім техникалық нокаутпен жеңіске жетті.
Спорт басылымының мәліметінше, Эрик Мун осыған дейін жеті жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Спорттық мансабында алғаш рет жеңіліс тапты. Ал Мейірім кәсіпқой бокстағы бесінші жеңісін тойлады. Осыған дейінгі төрт кездесуінде де қарсыластарына мықтылығын мойындатқан.