Шенеунік басшыларды "арамзалар, малғұндар және қаншықтың балалары" деп балағаттаған - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шенеунік басшыларды "арамзалар, малғұндар және қаншықтың балалары" деп балағаттаған

Шенеунік басшыларды "арамзалар, малғұндар және қаншықтың балалары" деп балағаттаған

Өзбекстанның Әндіжан облысы Боз ауданының басшысы Абдурашид Мамиров жақында өткен жиналыста, мектеп, колледж және балабақша басшыларын с

  • 14 Желтоқсан 2017
  • 643
Фото - Caravan.kz

Өзбекстанның Әндіжан облысы Боз ауданының басшысы Абдурашид Мамиров жақында өткен жиналыста, мектеп, колледж және балабақша басшыларын сөгіп, оларды «арамзалар, малғұндар және қаншықтың балалары» деп сөккен, деп хабарлады centralasian.org порталы. 

Бәрінен де түнгі кезек ұйымдастырмаған балабақша басшылары мен жиналысқа кешігіп келгендер көп сөз естіді. Алты минуттың аудиофайлды «Озодлик» редакциясына 11 желтоқсанда жиналысқа қатысқандардың бірі жолдаған. Жергілікті екі шенеунік ондағы дауыстың Абдурашид Мамировтікі екенін растады.

Жиналысқа аудандық милиция және прокуратура басшылары да қатысқан, бірақ аудан басшысының әйелдерді балағаттағанына ешқандай әрекет жасамаған.


Аудан басшысы оларды балағаттап қана қоймай, екі балабақша басшысын тез арада жұмыстан шығаруды бұйырған.

Мамировтың өзімен байланыс орнату мүмкін болмады. Боз ауданындағы жергілікті мекеменің бір қызметкері Мамировтың мәдениетсіздігі баяғыдан белгілі екенін айтты.