Құран-Кәрімді тәржімалаған Халифа Алтайдың жары дүниеден өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+3 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Құран-Кәрімді тәржімалаған Халифа Алтайдың жары дүниеден өтті

Құран-Кәрімді тәржімалаған Халифа Алтайдың жары дүниеден өтті

[wpcode id="1694287"] Белгілі Дін және қоғам қайраткері Халифа Алтайдың жұбайы Бибәтіш Жүнісқызы Алматыда қайтыс болды, деп хабарлайды

  • 14 Желтоқсан 2017
  • 1167
Фото - Caravan.kz


Белгілі Дін және қоғам қайраткері Халифа Алтайдың жұбайы Бибәтіш Жүнісқызы Алматыда қайтыс болды, деп хабарлайды "Егемен Қазақстан".

Халифа Алтаймен 51 жыл отасып, төрт ұл, төрт қыз тәрбиелеген Бибәтіш Жүнісқызы 1932 жылы Алтайда өмірге келген. Қытайдан Үндістанға үдере көшкен қазақтардың қатарында Манисаны паналап, кейіннен Түркиядан тұрақ тапқан Халифа Алтайдың отбасы Қазақстан тәуелсіздігін жариялай салысымен 1991 жылы атажұртқа көшіп келді. Қазірде Бибәтіш апа тәрбиелен төрт қыз Түркияда, екі ұл Алматыда тұрады. Бір ұлы Парижде тұрақтап қалған Бибәтіш Жүнісқызының үлкен баласы қайтыс болған. Қазақ жұрты Бибәтіш Жүнісқызын ертең жұма намаздан кейін Алматыдағы Орталық мешіттен соңғы сапарға шығарып салады.