Қазақстанның үш дүркін чемпионы Жан Кособуцкий кәсіпқой бокстағы үшінші кездесуін өткізіп, қарсыласын бірінші раундта сұлатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жекпе-жек Мәскеу қаласындағы «Крылья Советов» спорт кешенінде өтті.
Отандасымыз Кособуцкий осыған дейін 17 кездесу өткізіп, тоғызында жеңіске жеткен украиналық Алекснадр Нестеренконың жеңіліс санын жеңісімен теңестірді. Ол осыған дейін 8 рет жеңілістің ащы дәмін татқан болатын.
Айта кетейік, Кособуцкий кәсіпқой бокстағы соңғы жекпе-жегін қараша айында беларусь боксшысы Олег Заблотскийге қарсы өткізіп, жеңіске жеткен еді.