Бұл туралы Tengrinews хабарлайды.
Заңсыз неке ұйымдастыру бойынша 11 адам күдікті ретінде ұсталды. Олар 4500 доллар қарызы үшін қызды бермекші болған.
Полиция өкілінің мәліметінше, 19 желтоқсанда құқық қорғау органдары Синдих провинциясындағы қалалардың бірінде 50 жастағы Джитмал Мехар мен жасөспірім қыздың үйленгелі жатқанын естіген, — деп хабарлайды Daily Mail. Полицейлер үйлену тойымен айналысып жүрген Мухаммад Мехардың үйіне барып, сол жерден барлық күдіктіні ұстаған. Алайда күйеу жігіт қашып үлгерген.
Ең жас қалыңдық атанғалы жатқан қыздың анасы Масмат Набиаттың айтуынша кезінде науқас күйеуін емдеу үшін бір кісіден қомақты қаражатты қарызға алған. Отбасы қарызды қайтара алмаған. Басында оларға үйін сатуды ұсынған, кейінірек араға бір делдал қосылып 10 жастағы қыздарын Джитмал Мехарға тұрмысқа беруді ұсынған. Ол отбасына 7000 доллар беретін болып келіскен.
Шариғат бойынша неке қиюшы адам үйленушілердің жасын білмегенін айтады, ол тек аты-жөндерін ғана білетінін айтқан.
20 желтоқсанда ұсталғандар, оның ішінде қыздың анасы да бар, сот алдында жауап берді. Сот қызды атасының үйіне жіберіп, ал ұсталғандарды тергеу аяқталғанша қамауда ұстау үкімін шығарған.
Пәкістандық заңнама бойынша балалармен неке қию 2 жылдан жоғары мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Сонымен қатар, мамандардың бағасы бойынша, елдегі 15 жасқа толмаған қыздардың 3 пайызы тұрмысқа шығады екен.