Мемлекеттік қызметшілердің желідегі парақшаларынан эротикалық суреттер табылған - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
 Мемлекеттік қызметшілердің желідегі парақшаларынан эротикалық суреттер табылған

Мемлекеттік қызметшілердің желідегі парақшаларынан эротикалық суреттер табылған

Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жүргізген мониторинг барысында 2212 мемлекеттік қызметшінің жеке парақшасында қоғам наразылығын туғызатын контент анықталған.

  • 25 Желтоқсан 2017
  • 191
Фото - Caravan.kz

Қазақстанда екі мыңнан астам мемлекеттік қызметшінің әлеуметтік желідегі жеке парақшаларында ішімдік, балағат сөз бен эротикалық суреттер табылған, деп хабарлайды Sputnik.

Ведомство хабарлағандай, мемлекеттік органда жұмыс істейтін қызметкерлердің 54 745 жеке парақшасы тексеріліпті. 2212 жұмысшының парақшасында мазмұны нормаға сай келмейтін 2300 сурет, 21 видео мен 46 комментарий анықталған.

"Суреттер мен видеода мемлекеттік қызметшілер ойын-сауық мекемелерінде ішімдік ішіп, балағат сөз айтқан, бейәдеп сөздерге толы мәтіндер мен эротикалық сипаттағы және қарумен түскен суреттер жариялапты. Кей суреттер құмар ойындар мен букмекерлік ұтыс тігуге қызығушылықтарын көрсетеді", — деп хабарлады жемқорлыққа қарсы агенттік.

Ведомство әлеуметтік желілерді ғана емес, мемлекеттік қызметшілердің кімнен қандай сыйлық немесе басқа да марапаттау алғанын бақылап отырады.