Назарбаев: Нағыз тәуелсіздік – ол тілдің де тәуелсіздігі - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+3 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Назарбаев: Нағыз тәуелсіздік – ол тілдің де тәуелсіздігі

Назарбаев: Нағыз тәуелсіздік – ол тілдің де тәуелсіздігі

Елбасы жыл қорытындысы бойынша отандық БАҚ өкілдерімен кездесті

  • 25 Желтоқсан 2017
  • 210
Фото - Caravan.kz

ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев латын әліпбиінің қазақ тіліне әкелер пайдасы туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Мемлекет басшысы жыл қорытындысы бойынша отандық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен кездесті. Президент сұхбат барысында елімізде өткен маңызды шараларды қорытындылап, журналистердің өзекті сұрақтарына жауап берді. Елбасы әлемнің 70 пайызы латын әліпбиімен жұмыс істейтініне тоқталып, оның қазақ тіліне әкелер пайдасы туралы айтты. 

"Нағыз тәуелсіздік –  ол тілдің де тәуелсіздігі. Бір жағынан терең, ар жағында жатқан астары сол. Оның бер жағында бүкіл дүниенің 70 проценті сол әліпбимен жұмыс істейді, ғылымның, технология мен интернеттің тілі. Екіншіден, бұл әліпбидің қазақ тіліне қаншалықты пайда әкелетінін сіздер жазушылар, журналистер менен де жақсы білесіңдер. Кириллицада бізге керек емес, тілімізді бұрып, қисайтатын әріптер бар. Ол жағын да ойлау керек. Үшіншіден, біз өркениетті елдердің арасына кіріп, байыған алдыңғы қатарлы 30 елдің қатарына түсеміз десек, солармен бірге болуымыз керек",- деді Елбасы. 

"Сұхбаттың телевизиялық нұсқасы бүгін (25 желтоқсан, 2017) Астана уақытымен 21:30-да республикалық арналардың эфирінен көрсетіледі", — делінген Ақорданың фейсбуктегі 
парақшасында
.