Көкшетауда ақыл-есі кем адам көшеде дұға оқып, жұрттың үрейін туғызды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көкшетауда ақыл-есі кем адам көшеде дұға оқып, жұрттың үрейін туғызды

Көкшетауда ақыл-есі кем адам көшеде дұға оқып, жұрттың үрейін туғызды

Қала тұрғыны вокзал маңында біртүрлі діни рәсім жасап, кейін Ұлттық ұлан сарбазына тап берген

  • 26 Желтоқсан 2017
  • 167
Фото - Caravan.kz

Көкшетауда ақыл-есі кем ер адам вокзал маңындағы ескерткіш жанында біртүрлі діни рәсім өткізіп, жұрттың үрейін алды, деп хабарлайды Ақмола облысы ішкі істер департаменті Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Әлеуметтік желіде пайда болған видеода полицияның қарсылық көрсеткен ер адамды күшпен ұстап жатқаны түсірілген.

Оқиға 24 желтоқсанда 23.00-де болды. Полицияға үрейі ұшқан қала тұрғындары хабарласып, ер адамның бір түрлі әрекеті туралы айтқан, ол теміржол вокзалына қарама-қарсы алаңдағы "Благословление матери" мүсінің алдында діни рәсім өткізіп, дұға оқи бастапты.

Оқиға орнына жеткен жасақ ер адамнан құжаттарын сұрайды. Бірақ ол күтпеген жерден тап беріп, сарбаздың погонын жыртып, бір-ақ ұрады.

Ер адамды тыныштандыру үшін құқық қорғаушылар арнайы құралды пайдалануға мәжбүр болыпты.


Бөлімшеде ұсталған азаматтың кім екені анықталды. Ол Солтүстік Қазақстан облысының 26 жастағы тұрғыны екен, 2003 жылдан бері психоневрологиялық диспансерде есепте тұр. Былтыр емдеуден өтіп, қазір Зеренді ауданы Алексеевка ауылындағы психиатриялық ауруханаға жатқызылған.

Аталған дерек бойынша полиция ҚР ҚК 380-бабы 1-тармағы (билік өкіліне күш қолдану) бойынша қылмыстық іс қозғады.