Қос елдің азаматтығы бар әйелге ірі көлемде айыппұл салынды - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қос елдің азаматтығы бар әйелге ірі көлемде айыппұл салынды

Қос елдің азаматтығы бар әйелге ірі көлемде айыппұл салынды

Әйел адам заң бойынша бекітілген мерзімде шетел азаматтығын алғанын ескертуі керек болатын

  • 27 Желтоқсан 2017
  • 188
Фото - Caravan.kz

Қазақстан мен Түркия азаматтағын иеленген әйел адамға 453 мың теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды Алматы қаласы көліктегі ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.

Алматы әуежайында 1987 жылы туған әйелдің екі азаматтығы – Түркия мен Қазақстан бар екені анықталыпты.

Ұсталған әйелге шетел азаматтығын алғанын дер кезінде хабарламағаны үшін әкімшілік хаттама толытырылып, жаза тағайындалды. Ол 453 мың 800 теңге айыппұл төлейтін болды.