Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы бір жылда екі есеге көбейген - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы бір жылда екі есеге көбейген

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы бір жылда екі есеге көбейген

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы бір жылда екі есеге көбейіп, 2 млрд доллар болған. Көрші елдер бұл көрсеткішті 5 млрд долларға жеткізгісі келеді, деп хабарлады Нұрсұлтан Назарбаев республикалық журналистерге берген сұхбатында.

  • 27 Желтоқсан 2017
  • 168
Фото - Caravan.kz

"Қазақстан үшін Өзбекстанмен қарым-қатынас орнату өте тиімді, қажет. Біздің арамыз жақсарып келеді. Бір жыл ішінде тауар айналымы екі есеге – 1 млрд доллардан 2 млрд долларға жеткен. Біз Өзбекстанның жаңа президенті Мирзияевпен 5 млрд долларға дейін жеткізуге келістік", – деп хабарлады мемлекет басшысы.

Назарбаев Қостанайда Өзбекстамен бірге электронды двигательмен жүретін автомобиль шығаратын кәсіпорын ашылғанын еске салды.


"Келесі жылды біз Қазақстандағы Өзбекстан жылы деп жарияладық. Қазақстанның Өзбекстандағы күндері де өтеді", — деді Назарбаев.